Меню KDT

Алқатерек орта мектебінің 7 Мамыр –Отан қорғаушылар күніне арналған іс- шарасының есебі Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Бүгінгі «7- мамыр Отан қорғаушылар күнін» Алқатерек мұғалімдер ұжымымен бірге қыз балаларымыз да ер-азаматтарымызға құрмет көрсетті. Ер-азаматтардың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! Сондықтан халқымыз «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы» деп қыздарымыз ерекше құттықтау сөзін айтты. «Ер – елінің қорғаны» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Ең алдымен мектеп директоры Таменов Руслан Қаматайұлы мерекемен құттықтап сөз сөйледі. Мектеп қыздары Отан қорғаушы ер-азаматтарымызға би, ән, өлеңге толы тамаша өнерлерін көрсетумен қатар әр сынып қыздары өздері дайындаған ойындарын ойнатумен жалғасын тапты. 5-11 сыныптар арасында патроттық әскери шеру әндері байқауы өтті. Жеңіске ие болған 11-сынып оқушылары.Денешынықтыру пәнінің мұғалімдері Малгаждаров К.А. және Темргалев Д.Е. футбол, волейбол, теннис, баскетбол жарыстарын өткізді.Мектептегі іс - шараларға мектеп әкімшілігі, ұстаздар қауымы және оқушылар қатысты.

 






Директор Р. Таменов

Послание Президента

Блог Директора

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц10
  • За неделю4
  • Вчера1
  • Сегодня0
  • Онлайн:0

Полезные ссылки